2019 жылғы 20-21 маусымда Исландия, Рейкьявик қаласында SHE Ассамблеясы – Еуропадағы Денсаулық мектептерді жобасының ұлттық үйлестірушілері тобының кездесуі (SHE) өткізілді. Бұл топ ЕДМ-ның басқарушы және стратегиялық органы болып табылады және жылына бір рет Ассамблея отырысында жиналады. Ассамблея шеңберінде 33 қатысушы елде «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер» ДДҰ жобасының іс-шаралар жоспарын құрумен қоса, Қазақстан бойынша жобаны әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.
Талқылаудың тағы бір мәселесі мектеп оқушыларының денсаулығына қатысты сауаттылықты зерделеу бойынша HBSC зерттеуін жүргізу болды. «Денсаулыққа қатысты мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқы» HBSC зерттеуі 44 елде 11-, 13-, және 15 жастағы балалар мен қыздардың денсаулығы мәнмәтініндегі денсаулық және саулық, әлеуметтік жағдайлар мен мінез-құлық жағдайы туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Оның нәтижелерін ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы негізгі жарияланымдардың бірі ретінде төрт жылда бір рет шығарып отырады, одан кейін ол барлық Еуропа өңірі аясында жасөспірімдердің денсаулық мәселелері бойынша саясатты қалыптастыратын адамдарға ақпарат беру үшін қолданылады.
ДНЫМ жобасы – Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер Қазақстанда 1999 жылдан бастап енгізілуде. 2016 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Елдік кеңсесінің қолдауымен балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау бойынша бірінші зерттеулер жалғаса бастаған пилоттық жобалар шығарылды.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін ҚДСҰО мамандары ДДҰ Елдік кеңсесінің техникалық қолдауымен енгізу мәселелері бойынша өңірлердегі көшпелі семинарларда 325 мектепке консультация бергенін еске саламыз.