2019 жылғы 23 маусымда сағ. 10.30-да Жастар жылы аясында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Есіл ауданында орналасқан (Тұран көшесі, 7а) Мәдениет және демалыс саябағында «Жұлдызды марафон» спорттық челленджі өтеді.
Іс-шараның мақсаттары: таза ауада дене шынықтырумен және спортпен белсенді түрде айналысуға шақыру.
Әрбір ниет білдіруші қала тұрғыны және қонағы «Qazaq Batyry» жекпе-жек академиясының кәсіби тренерлерімен жаттыға алады.
Осы жексенбіде елордамыздың медицина қызметкерлері, бодибилдингтен Қазақстанның қола жүлдегері, бодибилдингтен Орталық Азия чемпионатының ТОП 5 мүшесі, пауэрлифтингтен Нұр-Сұлтан қаласының алтын жүлдегері Азиза Талпақова және т.б. қатысады.