Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің ұлттық және халықаралық деңгейдегі жағдайы туралы» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті өкілдерінің және орталық ұжымының қатысуымен кеңес өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бас маманы Алан Исағұл ұлттық және халықаралық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі шаралар туралы айтып берді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көріністеріне төзімсіздік танытуға шақырды.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Дамир Көпжасаров мекеменің 2019 – 2021 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді.
Сондай-ақ Алан Исағұл жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.