Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ақпаратына сәйкес, республика халқына Miracle Mineral Solution, Miracle Mineral Supplement, MMS, WPS, MMS2, WPS2 сияқты түрлі атаулары бар, хлор диоксиді ерітіндісі, суды тазалауға арналған ерітінді сияқты өнімдердің (препараттардың) интернет ресурстары және БАҚ арқылы сатылуы, сондай-ақ таратылу мүмкіндігі жөнінде ескертеді.
Бұл өнімдер ересектер мен балалардағы бірқатар ауруларды, оның ішінде АИТВ/ЖИТС, туберкулез, малярия, гепатит, Денге және Чикунгунья ауруы, обыр мен аутизмнің түрлерін емдеуге арналған құрал ретінде интернет және БАҚ арқылы сатылуда.
Негізгі сатушысы және таратушысы «Genesis II денсаулық және сауығу шіркеуі» ұйымы (АҚШ) және оның басқа елдердегі құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ суды тазалаумен байланысты түрлі веб-сайттар болып табылады.
Өнімнің құрамында натрия хлориді, кальций гипохлориді немесе хлор диоксиді бар және емдік қасиеттеріне қарамастан оны пайдалануға болмайды, өйткені ол денсаулыққа үлкен залалын тигізуі мүмкін.
Бүгінгі таңда ДДҰ-ға әлемнің 18 елінде, оның ішінде АҚШ, Аустралия, Бельгия, Франция, Чехия Республикасы, Швейцария, Эстония және т.б. осы өнімді пайдаланудан кейін денсаулыққа тигізген кері әсерлері туралы белгілі болған (MMS).
Жоғарыда айтылғандарға байланысты және денсаулыққа залал келтірмеу мақсатында, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектерді (өнімдерді, препараттарды) сатып алу қажеттілігіне халықтың назарын тағы да аудартады.