Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында кәсіпорынның Бақылаушы кеңесінің отырысы өткізілді, онда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров оның төрағасы болып сайланды.
Байқау кеңесінің құрамына Ұлттық медициналық университетінің Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Медицина мектебінің, «Қазақстандық медициналық ұйымдар альянсы» РҚБ және т.б. ұйымдардың басшылары мен өкілдері кірді.
Бақылаушы кеңесі отырысының барысында ҚДСҰО қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге аудиторлық ұйымдардың қызметіне ақы төлеу мөлшерін анықтау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Орталықтың 2019 жылға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоба қаралды.