ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы және ЮНИСЕФ 2019 жылғы 26 – 31 мамыр аралығында өтетін Балалардың оқыс жарақатануын алдын алу апталығы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалардың жарақаттануын алдын алу бойынша дөңгелек стөл өткізеді.
Қатысушылар: ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, УЕҰ, академиялық орта, халықаралық ұйымдардың, ЭЫДУ елшіліктерінің, БҰО агентіктерінің және бизнес өкілдері.
Дөнгелек стол барысында Қазақстанның 8 өңірінде 0-14 жасқа жейін балалардың ата – аналары арасында ЮНИСЕФ өткізген сауалнаманың қорытындылары мен ұсыныстары таныстырылды, сондай – ақ, балалардың жарақаттануы бойынша алдағы 3 жылға қадамдар талқыланды.
Қазақстанда және әлемде жарақаттану балалалардың өлім жітімі мен стационарға жатқызу себептерінің бірі болып табылады. Күн сайын елімізде оқыс жарақат алу салдарынан 3 тен кем емес бала көз жұмады, 75 бала стационарлық емге мұқтаж.
Проблеманың ауқымдылығын ескере отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шара қолдану қажет. Балалардың жарақаттануың алдын алу апталығы ата – аналардың, балалардың, мамандардың және қоғамның балалардың жарақаттануын алдын алу бойынша хабардарлығын арттыруға бағыталған.
Сонымен қатар, Апталық аясында жарақаттануға тап болған балалар және ата – аналар мен фокус группалар өткізілді. Денсаулық сақтау, білім беру, әкімшілік полиция, төтенше жағдайлар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, ақпарат және мәдениет, әлеуметтік сала мамандары үшін оқыту ұйымдастырылды.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Москва БО, Достық көшесі, 18
Күні және уақыты: 2019 жылғы 30 мамыр, сағат 09:30 – 13:00