2019 жылғы 27 мамырда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына Атланта қаласындағы (АҚШ) Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (СДС) бас директоры, доктор Роберт Редфилд бастаған делегация келді.
СДС делегациясы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының және коғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі оперативтік орталықтың қызметімен танысты.
Кездесу барысында КДСҰО директорының міндетін атқарушы Руслан Сатывалдеев және СДС-дің бас директоры Роберт Редфилд КДСҰО және СДС арасындағы өзара әрекеттестік, Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Олар: ҚДСҰО-ның жұмыс жасап жатқан референс-зертханаларын нығайту және дамыту, Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерін және республикада Денсаулықты қорғау жаһандық бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру, Ауруханалық инфекция жөніндегі республикалық орталық кұру, елімізде токсикологиялық қызметті дамыту, қолданбалы эпидемиялогия бойынша 2 жылдық СДС-дің оқу курстарын қазақстандық тарапқа тапсыру, ҚДСҰО мамандарын шетелдің оқу базаларында оқыту, АҚШ-тың стандарттары және басқа да халықаралық тәжирибе негізінде санитариялық ережелерді әзірлеу, Қазақстанда микробқа қарсы төзімділік бағдарламасын іске асыру және т.б. мәселелер.