Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Саламатты жұмыс орындары» ДДҰ жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері үшін техникалық консультация өткізді.
Іс-шара барысында жобамен таныстыру және оны әрі қарай бірлесіп енгізу мақсатында шетелдің үздік тәжірибелерін ескере отырып, саламатты жұмыс орындарының негізгі қағидаттары түсіндірілді. Қатысушыларға әрі қарай жобаны жұмыс орындарында іске асыру құралдарын қолдануда әдістемелік көмек көрсету ұсынылды.
Қатысушылар жобаға үлкен қызуғышылық танытып, қауіпсіз өмір мен еңбек жағдайы үшін жағдай жасау, дене шынықтырумен айналысуға инфрақұрылым құру, жұмыс орнындағы психоәлеуметтік ортаны жақсартуға ықпал ету арқылы жобаны іске асыру маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанда жалпы өлім-жітім құрылымында бірінші орында қан айналым жүйесінің аурулары тұр және 24,5%-ды құрайды, тыныс алу органдарының аурулары 12,9% құрайды, ал үшінші орында қатерлі ісіктер – 11,7%, төртінші орынды 9,7%-пен жарақаттанушылық алатынын атап өту керек.
Халық денсаулығын жақсартудың тиімді құралдарының бірі елдегі саламатты қоғамды дамытудың драйверіне айналатын салауатты өмір салты қағидаттарына негізделген саламатты жұмыс орындарын құру болып табылады.
Жұмыс орындары тамақтану, дене белсенділігі және темекі шегу сияқты денсаулықпен байланысты мінез-құлықты жақсартуға бағытталған бағдарламалар үшін жақсы шарттар болып табылады, өйткені ересек адамдар күнделікті уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізеді. Жұмыс орындарында кірісуді енгізуге тиімді көмектесетін стратегияларды анықтау созылмалы аурулардың алдын алуға ықпал етуді жақсартудың әлеуметті маңызды тәсіліне айналмақ.
Әрі қарай техникалық консультацияны Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында өткізу жоспарланып отыр.