Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық елшісі Марат Жыланбаевтың ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлерімен кездесуі өткізілді. Оның барысында Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмені қатысушыларға өз балалық шағы, қызығушылықтары жайлы және қалай марафоншы болғаны туралы айтып берді.
Денсаулық сақтау елшісі өзінің жеке заттарын мұражайға сыйға тартты.
Сондай-ақ, ол бір ай ішінде денсаулыққа еш залал келтірмей, дұрыс жүгіріп үйренуге болатынын түсіндіріп өтті.
Жүгіру икемділігі және жүгіруге ынталану әр адамға табиғатынан беріледі. Жүгіру денсаулық пен өмірді сақтау үшін эволюциямен қарастырылған негізгі тетіктердің бірі болып саналады.
Жүгіру байланыстырушы және бұлшықет аппаратының барлық бөліктерін қимылдата алатын қарапайым әрі тиімді жаттығу болып табылады. Ол қан айналымын жақсартады және адамның төзімділік қасиетін жоғарылата отырып, жұмысқа қабілетті етеді. Жүгірумен айналысу ағзаны зиянды токсиндер мен қалдықтардан тазалауға, бақыт гормондарын тудыратын эндорфиндерді шығаруға ықпалдасады. Сонымен қатар, жүгіру артық калориядан арылуға көмектеседі және адамның ақыл-ой қабілетіне оң әсерін тигізеді.
Кездесу қорытындылары бойынша ҚР Ұлттық музейінің көптеген қызметкерлері жүгірумен айналысамыз деп шешім қабылдады.