Оперативтік орталық үкіметтің Халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар және Жаһандық денсаулықты қорғау бағдарламасының талаптарын іске асыруы мақсатында, биологиялық, химиялық және радиологиялық сипаттағы қоғамдық денсаулық саласындағы төтенше жағдайларға денсаулық сақтау органдарының басқа мүдделі органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауда жедел әрекет етуі үшін құрылған.
Оперативтік орталықтың қызметі жаһандық және өңірлік деңгейлерде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы болуы мүмкін барлық қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларды уақытылы тану, ақпараттандыру және жедел әрекет ету бойынша мемлекеттің әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Өткізу орны: Министрліктер үйі, 18 в кіреберісі, 1 қабат (каб. 101)
Өткізу күні мен уақыты: 2019 жылғы 12 сәуір, сағат 15.00.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 2019 жылғы 11 сәуір сағат 12.00-ден бастап 18.30 аралығында, 12 сәуір сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін жүргізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электрондық мекенжайына жолдау керек, тел.: 954151, ұялы тел. 87017020346, 87715005500.