Нұр-Сұлтан қаласының №10 мектеп-гимназиясында оқитын дамуында ерекшеліктері бар балалар жаппай жаттығуда белсенділік көрсетті
Бүгін, осы жылы «Жалпыға бірдей денсаулық» ұранымен өткізілетін Дүниежүзілік денсаулық күні аясында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бастамасы бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының №10 мектеп-гимназиясында Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі Олег Честновтың, белгілі әнші, «Қазақстан дауысы» конкурсының бірінші маусымының жеңімпазы Шаhаризат Сейдахметтің, мектеп оқушылары және оқытушыларының қатысуымен жаппай жаттығу өткізілді.
Аталған мектепте балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, оларда денсаулыққа деген сауатты көзқарастарын қалыптастыруға, оны қолдау тетіктерін құру үшін жағдай жасауға бағытталған «Денсаулықты нығайтуға ықпалдасатын мектептер» жобасы іске асырылып жатқанын айта кеткен жөн.
Жаппай жаттығулар өткізудің мақсаты – ересектердің позитивтік үлгісінде балалар мен жасөспірімдерде денсаулыққа қатысты жауапты мінез-құлық тәрбиелеу, салауатты өмір салты машықтарын қалыптастыру болып табылады.
Балалар семіздігі мен басқа да жұқпалы емес аурулардың деңгейі артып жатқан жағдайда ересектердің үлгісінде денсаулық мәдениетін дамытуға ықпал ететін бастамалар денсаулықты сақтау және нығайту маңызды екендігін тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де растайды.
Балалар ұдайы өсу фазасында, қалыптастып жатқан бұлшықеттердің үйлесімді физикалық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белсенді қимыл-қозғалысқа деген қажеттілік, дене белсенділігі оларды мықты болуға көмектеседі; жүрек, сүйек және буындардың саулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дене белсенділігі сонымен қатар, зейінділік пен оқу қабілетін жақсартады, күйзелістен арылтады. Дене белсенділігі дұрыс салмақты ұстап тұру үшін де өте маңызды рөл атқарады.
Астанада жауып тұрған жаңбырға қарамай, №83 мектеп-гимназиясының оқушылары Денсаулық елшісі Марат Жыланбаевпен Триатлон паркінде марафонда жүгірді
Осы күні, жаппай жаттығу №83 мектеп-гимназиясының 1300-ден астам оқушылары мен оқытушыларының, сондай-ақ, Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры UNICEF өкілінің орынбасары Вероника Ващенконың, ҚР Денсаулық елшісі, Гиннес рекордтар кітабының 7 дүркін рекордсмені, әлемнің ірі шөлдалаларын шарлап өткен жалғыз адам Марат Жыланбаевтың қатысуымен астанадағы Триатлон саябағында да өткізілді.
Жаппай жатығудан кейін ересектер балалармен бірге жаттығу жасап, баршаға денсаулыққа қол жеткізуге өз қолдауын білдіру үшін бір-бірінің қолдарынан ұстап, адамдар тізбегін құрды. Одан кейін барлық қатысушылар марафонда жүгірді. Жауып тұрған жаңбырға қарамай, белсенділіктері артып, қуанышқа бөленіп, балалар көпке дейін тарқағысы келмеді.
Денсаулық елшісі Юрий Мельниченко Ақмола облысы, Жақсы ауданының екі мектебінінің оқушылары үшін жаттығу жасау бойынша мастер-класс өткізді
Бұдан бөлек, Ақмола облысы, Жақсы ауданының екі мектебіне Денсаулық елшісі, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко барып, оқушылармен бірге жаттығу жасады.
Мұндай жаттығулар өңірлердегі мектептерде де өткізілетінін айта кету қажет.