1 сәуірде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында директордың орынбасары Дамир Көпжасаров ДДСҰ-ның Орталық Азияда денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жөніндегі бағдарламасының өңірлік үйлестірушісі Тасним Ататра бастаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен ҚДСҰО базасында құрылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Оперативті орталығының қызметі мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Оперативті орталықтың қызметі, негізгі атқаратын функциялары, сондай-ақ ДДСҰ-мен ағымдағы және перспективалық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Оперативті орталық Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді, денсаулық сақтаудың Жаһандық бағдарламасын іске асыру шеңберінде және денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерге және ТЖ кезінде мониторинг жүргізу және ден қою бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі оперативті функцияларының бірі аясында құрылды.
Оперативті орталықты құру және оның жоспарланған қызметі жаһандық және өңірлік деңгейде қоғамдық денсаулық сақтаудағы төтенше жағдайларға ден қою саласындағы табиғи, технологиялық оқиғалар мен апаттардың өсуіне байланысты, қоршаған ортаға үлкен адами, материалдық шығындарға және елеулі залал келтіруге әкеп соқтыруы мүмкін елдің әлеуетін күшейтуге бағытталған.
Бұдан басқа, жыл сайын әлемнің түрлі өңірлерінде қауіпті инфекциялық аурулардың өршуі мен эпидемиясы тіркеледі, олар көлік коммуникацияларының қазіргі деңгейінде қысқа уақыт ішінде әлемнің кез келген еліне, соның ішінде Қазақстанға да таралуы мүмкін.
Сондықтан Оперативті орталықтың негізгі миссиясы адамдардың өмірі мен денсаулығын, еліміздегі халықтың әл-ауқатын қорғау және ТЖ теріс салдарын азайту мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ-ға ден қою дайындығын қамтамасыз ету болып табылады.