Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлері 2019 жылғы 26 наурыздан бастап 29 наурыз аралығында Қырғыстан Республикасында «Мектеп оқушыларының денсаулыққа қатысты тәлімі» пилоттық зерттеу жүргізу жөніндегі техникалық семинарға және тренингке қатысты.
Іс-шара барысында ҚДСҰО сарапшылары оқыту жүргізіп, деректерді жинау жөніндегі мамандарға, үйлестіру және зерттеу топтарының мүшелеріне әдістемелік қолдау көрсетті.
Семинар Қырғыстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Елдік кеңсесінің, Қырғыстанның Ана мен бала денсаулығын қорғау ұлттық орталығы мамандары мен серіктестерінің қолдауымен және қатысуымен өткізілді.
«Мектеп оқушыларының денсаулыққа қатысты тәлімі» (Health behaviour in school aged children, HBSC) халықаралық зерттеуі 30 жылдан астам уақыт бойы өткізілетінін атап өткен жөн. Ол денсаулық жағдайы мен саламаттылық, денсаулыққа ықпалдасатын және 11, 13 және 15 жастағы ұл және қыз балалардың денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік жағдай, мінез-құлықтар туралы ақпараттар көзі болып табылады.
Жағдайды бағалау және денсаулықты жақсартуға қатысты іс-шараларды жоспарлау үшін балалар мен жасөспірімдердің денсаулық көрсеткіштерін толық бағалауға үлкен қажеттілік туып отыр.
Зерттеу желісінің мүшесі бола тұра, ҚДСҰО алғаш рет Орталық Азияда ұлттық үлестік және салыстырмалы деректерді алу мақсатында денсаулық, саламаттылық, денсаулықтың әлеуметтік анықтаушыларына қатысты мінез-құлықтарды зерделеу бойынша халықаралық стандарттарға негізделген HBSC-балалар мен 11-15 жастағы жасөспірімдерді ұлттық нысаналы зерттеуді жүргізді.
Қырғыстан өз кезегінде, HBSC зерттеуін жүргізуге қызығушылығын танытты. Осыған байланысты, ҚДСҰО бірінші пилоттық зерттеуге дайындалуға техникалық қолдау көрсетуде.