Тұрақты отыратын жұмыс көз көрудің нашарлауына және ми қан айналымының бұзылуына, артық салмақтың пайда болуына, омыртқа мен ішкі органдардың проблемаларына, қабыну процестерінің дамуына, инсулин түзілуінің бұзылуына және т.б. әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ескере отырып, жұмыста үзіліс жасап, тым болмаса 5 минуттан қозғалу маңызды. Күні бойы қозғалыс жетіспеушілігін жұмыс орнында да, әртүрлі кеңестер барысында да ұжымдық жаттығу жасай отырып толтыруға болады.
Осындай Денсаулық минутын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 ақпанда өткен кеңейтілген алқа отырысының қатысушылары көрсетті. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бастамасын Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, сонымен қатар Алматы қаласының, Ақмола облысының және басқа да өңірлердің бірқатар мемлекеттік органдары да қолдады.
Ағымдағы жылғы 20-22 ақпанда Астанада “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР Кодексі жобасының жаңа редакциясын талқылау барысында үзіліс кезінде спикерлер мен барлық қатысушылар 3 минуттық жаттығу жасады.
Келесі күндері Денсаулық минутын волонтерларға арналған тренингке, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға қатысушылар да көрсетті.
Тұрақты дене жаттығуы денені тонуста ұстап, барлық алмасу процестерін қалыпқа келтіруге, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектесетіндігін атап өткіміз келеді.
Осыған байланысты, видео көрген барлық ұжымдарға #Салауаттыүзіліс #Здоровыйперерыв #Healthybreak челленджін жолдап, оларды медиаресурстарға, әлеуметтік желілерге (vk.com, youtube, facebook.com., instagram, telegram) орналастыруды сұраймыз.