Тыныс алу органдарының аурулары ересектер мен балалардың арасында өте жиі таралған ауруларға жатады. Тыныс алу органдарының аурулары полиэтиологиялығымен, клиналық ағымының ауырлығымен, жиі асқынуларымен сипатталады.
Тыныс алу жүйелері ауруларының таралуына қолайсыз қоршаған орта, өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары және автокөліктің пайдаланылған газдары, үй-жайлар ауасының ластануы, иммунитеттің төмен болуы және басқалар әсер етеді. Бұл мәселенің өзектілігін және әртүрлі саладағы мамандардың күштерін біріктіру қажеттілігін анықтай отырып, тыныс алу органдарының аурулары көптеген елдердегі тұрғындардың сырқаттанушылық және өлім-жітім құрылымында алдыңғы орындарда болуының жалғасуына кері әсер етеді.
Мысалы, бронхит шырышты қабықшалардың, бронхылардың ауада болатын қандай да бір бөлшектермен тұрақты зақымдалуы жағдайында өте тез дамиды.
Шырышты қабықшалар мен бронхылар түтінмен, шаң-тозаңмен, өзге де бөлшектермен тұрақты зақымдалатын болса, онда науқаста тыныс алу жолдарынан қақырықты кетіру үшін жиі жөтелу қажеттілігі туындайды.
Адам үшін өте қолайсыз климат, атап айтқанда, үнемі ылғалдылықтың болуы, ауа-райы жағдайларының жиі өзгеруі, тұман бронхиттің тағы бір себебі болып табылады.
Сондай-ақ, нашар тамақтанатын, жиі салқын тиетін, нашар жағдайда тұратын, темекі тартатын, дене салмағы төмен адамдар бронхитпен жиі ауырады. Жынысына қарамастан, темекі тартатын адамдар мұндай әдетке үйір емес адамдарға қарағанда созылмалы бронхитпен 3–4 есе жиі ауырады. Темекі тартумен салыстырғанда, зиянды өндірісте жұмыс істеудің әсері жаман. Жүн иіру, химия, нан зауыттарының жұмыскерлері де бронхитке жиі шалдығады.
Бронхит түрлері
Балалардың арасында бронхиттің үш түрі бар, олар: жіті қарапайым, жіті обструктивті және жіті бронхиолит (сәбилерде және емшектегі балаларда пайда болады, кішкентай бронхыларды зақымдайды).
Ересектерде аурудың жіті және созылмалы түрі кездеседі.
Бронхиттің аллергиялық түрі болады. Оның симптомдары: дене температурасының көтерілмеуі; дем алу кезінде пайда болатын құрғақ шашыраңқы қырылдар, ентігу. Қоздырушы факторды жойғаннан кейін асқыну белгілері тез жоғалады.
Егер науқаста бронхиттің уытты немесе химиялық түрі болса, онда ауру тыныс салу жолдарына қоздырғыш заттардың түсуі салдарынан дамиды. Олар қышқылдардың буы, шаң-тозаң, газдар болуы мүмкін.
Уытты-химиялық бронхиттің симптомдары: тамақ ішуге ықыласының болмауы; бастың ауруы; азапты жөтел; тыныстың бітуіне әкелуі мүмкін анық байқалатын ентігу; кеуде тұсының шаншып ауыруы; тыныс алу жеткіліксіздігі және гипоксемия белгілері; шырышты қабықшалардың көгеруі; қатты дем алу және құрғақ сырыл.
Егер адамда жіті бронхит болса, ылғалды жөтелге айналатын қатты құрғақ жөтел; дене температурасының 39 градусқа жетуі; қатты терлеу; қалтырау, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі сияқты симптомдармен ажыратады. Егер ауру ауыр түрде өтетін болса, онда науқаста қатты ентігу пайда болады. Жіті ауру екі аптадан кейін жоғалады. Егер науқас емделуге дұрыс көңіл бөлмесе не оны аяқтамаса, онда аурудың созылмалы сатыға өтуі мүмкін.
Алдын алу шаралары:
Бүкіл организмді нығайту, оның қорғаныс сапасын күшейту.
Физикалық белсенділік, шынықтырушы процедуралар, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту — мұның бәрі кез келген ауруға төтеп беруге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл жалпы ұсынымдар бронхы, өкпе және басқа да тыныс алу органдарының ауруларын болдырмау бойынша нұсқаулықтар болып табылады.
Таза ауада серуендеу, үй-жайларды уақытылы желдету, шыныққан иммундық жүйе – бұл бронхиттерден және өкпенің қабынуынан құтылу әдістерінің бірі.
Ата-аналар балаларын шынықтыруы тиіс, суық тигенде уақытылы емдеп, баланы медициналық тексеруге апару керек, дәрігер берген ұсынымдар бойынша сауықтыруы тиіс, көшеде, ойын кезінде мінез-құлық ережелерін үйрету қажет.
Жылыту маусымында ересектер құрамында күлі мен күкірті аз болатын жоғары сапалы көмір пайдаланған жөн. Күл шығарған кезде оны ылғалдау керек, бетперде таққан дұрыс. Ауылдық жерлерде аулада көмір сақтауға арналған орын арнау керек, жылыту маусымы аяқталғанннан кейін оны тазалап тастаған жөн. Тасқын су, сел кезінде шлак пен күлді ешқандай жағдайда бөгеуші материал ретінде қолданбау қажет.
Созылмалы обструктивті өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларынан, демікпеден зердап шегетіндер қолайсыз метеожағдайларда, желсіз кезде және ылғалды ауа-райында бетперде тағу керек, қатты газдалған және шаңды жерлерден: жолдардың шеті мен қиылыстарынан аулақ, жол шетінен, силикат және асбест зауыттары, қазандықтар сияқты кәсіпорындардың санитарлық-қорғаныс аймағынан 2 метр арақашықтықта жүруге тырысу қажет.
Үй-жайлардың ауасы қатты ластанатын жұмыс орындарында (сусымалы материалдарды қолдануға және шығаруға байланысты өндіріс, химиялық және тағам өнеркәсібі және тағы басқ.) жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек.
Денсаулық жағдайын тұрақты бақылап, өнеркәсіптік кәсіпорындардың денсаулық сақтау медпункттеріне қаралу және сауықтырумен айналысу керек (витаминдер кешенін қабылдау, организмнің қарсыласуын арттыруға ықпал ететін физикалық және ақыл-ой жүктемелерін ескере отырып, тиімді және дұрыс тамақтану) қажет.
Автомобиль салонын таза ұстау керек, жаз уақытында химикаттардың қоспасы болып табылатын ауа тазартқышын пайдаланудан бас тарту қажет, олардың әсері жоғары температураның әсерінен күшейеді.
Тыныс алу органдарын бұзатын және олардың кез келген ауруын өршітетін темекі тартудан бас тарту не күніне 1- 2 сигаретке дейін темекі тартуды шектеу керек.
Ішімдік ішуден бас тарту не оны шектеу қажет.