«Біз денсаулықты таңдаймыз!/Наш выбор – здоровье!/Health is our choice!» Мәдени-сауықтық акция туралы

Сіздерді 3-ші қараша күні «MEGA Silk Way» ойын–сауық орталығында өтетін «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтық акцияға қатысуға шақырамыз.
Сауда орталығының дәл ортасында сіздерге білікті жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, педиатрлар кеңес береді. Сонымен қатар, артериалды қысымды, бойды, салмақты, қан құрамындағы қант пен холестеринді өлшеу сияқты диагностикалық процедураларды ТЕГІН өте аласыздар. Флюорография өтемін деушілерге, жылжымалы флюромашинасы қызмет көрсетеді.
Елордалық Жедел жәрдем қызметінің нұсқаушылары адам өміріне қауіпті жағдайларда алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша мастер-класс көрсетуге дайын.
Іс-шара бағдарламасында фитнес-жаттықтырушы МАКСИМ спортпен шұғылдану бойынша кеңестерімен бөлісіп, шынықтыру өткізеді.
Бізбен бірге Сіздердің сенбілік күндеріңіз қызықты өтеді! Сіздердің назарларыңызға концерттік бағдарлама, әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған викторина, жүлделер және лотерея ойнатылады.
Акция салауатты өмір салтын дәріптеу, азаматтарды өз денсаулығын дұрыс басқаруға дағдылау және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандыруды жоғарылату мақсатында Астана қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасы мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорымен бірлесе отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру коммуникациялары бойынша жобалау кеңсесімен ұйымдастырылады.
Сіздер бізді қолдауға дайынсыздар ма? Ендеше, отбасыларыңызбен, достарыңызбен келіп, «БІЗ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ!/НАШ ВЫБОР – ЗДОРОВЬЕ!/HEALTH IS OUR CHOICE!» мәдени-сауықтық акциямызға қатысыңыз!
Акция 3-ші қарашада, сағат 12.00-ден 14.00 дейін, Астана қаласы MEGA Silk Way ойын-сауық орталығының 1-ші қабатында (мұз айдыны жанында) өтеді.