«Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» ДДСҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференцияның шеңберінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласының Әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Сөзден іске/WalktheTalk/От слов к делу» акциясын ұйымдастырған болатын.
Іс-шараға Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов, ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Өңірлік директоры Афшан Хан, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР алғашқы Денсаулық елшілері: грек-рим күресінен олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко; актёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов; әнші, кәсіпқой боксшы, “Дарын” Мемлекекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір; Гиннесс Рекордтар кітабының жеті дүркін рекордсмены, жер жүзінің үлкен шөлейттерін бір өзі жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам Марат Жыланбаев; «Спарта-Астана» КТК командасының капитаны, 2017 жылғы РФ Жоғарғы лиганың алғашқы чемпионы Данияр Жұмаділов және т.б. қатысты. Жалпы алғанда, Жаһандық конференциясының 200-ден астам қатысушысын қосқанда, 1000-нан астам адам акцияға қатысты.
ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус акция ұйымдастырушыларына ризашылық білдіре отырып, ДДСҰ-ның Бас ассамблеясын өткізетін кезде 2019 жылғы мамырда Женева қаласында өтетін WalktheTalk іс-шарасына шақырды. Ол Астанада өткен іс-шараның спортпен күн сайын, белсенді түрде айналысу күнделікті іс-әрекеттерге айналу керектігін еске салып тұратындығын айтып өтті.
Акцияны 50-ден астам мемлекеттік, мемлекеттік емес, өңірлік және шетелдік БАҚ өкілдері жариялады, әлеуметтік желілерде 700-ден пост орналастырылды, 900-ден артық селфи түсірілді.