2018 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкерлері үшін Дүниежүзілік жүрек күніне арналған «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» он күндігінің шеңберінде акция ұйымдастырылды.
Компанияның қызметкерлері күні бойы жұмысқа кедергісіз қан қысымын, ЭКГ, глюкоза, холестерин деңгейін өлшеуге, кардиологтың, диетологтың консультациясын алуға, емдеу дене тәрбиесі мен дұрыс тамақтану туралы тренингке қатысуға мүмкіндік алды.
«Жүрек орталығы» корпоративтік қоры мен Астана қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары жоғары қан қысымының қаупі, гипертониянің қатері, жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте диагностикалау және олардың алдын алу әдістері туралы айтып берді.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және жүрек ауруларының алдын алу қажеттілігі туралы қоғамды ақпараттандыру арқылы халық арасында жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуын болдырмауға бағытталған.