Меморандумға ҚДСҰО бас директорының м.а. Уалихан Ахметов және университеттің медицина бойынша вице-президенті – Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли қол қойды.
Меморандумның мақсаты: қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты дамыту.
Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, жоғары білімнен кейінгі оқытуды ұйымдастыру сияқты бағыттар бойынша өзара әрекеттесуге ниетті.
Сондай-ақ, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Астана медицина университетімен, Қоғамдық денсаулық жоғары мектебімен және т.б. Ынтымақтастық жөнінде меморандум жасасуды жоспарлап отыр.
ҚДСҰО денсаулық сақтау және ерте анықтауды қоса алғанда қоғамдық денсаулықты жақсартуға және сақтауға, аурулардың алдын-алуына бағытталған ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асырады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press_ncozmz@mail.ru, sulushash777@mail.ru, ұялы тел. 87017020346