Астананың 20 жылдығы аясында денсаулық сақтау, білім беру жүйесі қызметкерлерінің, құрылыс кешеңі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлердің, теміржолшылардың және басқа да салалық кәсіподақтарының қалалық құрылымдары волейболдан, мини-футболдан және теннистен қала кәсіподақтарының Бірінші салааралық спорт фестиваліне қатысуда.
Іс-шараның мақсаты: қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайту, халықтың физикалық белсенділік деңгейін арттыру, тұрғындарды салауатты өмір салтына бейімдеу, оларды көпшілік дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық іс-шараларға қатысуға тарту, белсенді демалуды ұйымдастыру.
Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі, «Медициналық ұйымдарының қазақстандық альянсы» РҚБ-нің басқарма төрағасы Дәулетхан Есімов қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға, аурулардың алдын алуына бағытталған мемлекеттік мекеменің қызметіне қысқаша тоқталып өтті. Ол – мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларын және ауруларды ерте анықтауға, халықты сауықтыру бойынша Ұлттық скрининг бағдарламасын бағалауға және мониторингілеуге қатысу; денсаулық сақтау ұйымдарына халықтың санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығы, кәсіби және өндірістік-негізделген аурулардың алдын алуына практикалық көмек көрсету; халықпен салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу, тиімді тамақтану, физикалық белсенділігін арттыру және т.б. мәселелері бойынша жұмыс жүргізу.
Ол, адамның денінің сау болмауы оның өмір сүру салтына байланысты, деді. Салауатты өмір салтын ұстанатын адам, өзінің және басқа адамдардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттерге бармайды. Салауатты өмір салты – табынушылық пен қағида емес, ол күнделікті тәжірибе, өмір сүру ережесі және стилі. Жауапты адам үшін лайықты мақсат – сау, жігерлі, жасампаз болу. Жарысқа ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қызметкерлері де қатысып жатқанын атап өту керек.
Сөзін қорытындылай келе, Дәулетхан Есімов, бұл жоба және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға, халықтың физикалық белсенділік деңгейін арттыруға бағытталған басқа да жоспарланған іс-шаралар Астана қаласына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалары» бағдарламасына қосылуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Фестиваль барысында Мемлекет Басшысының «Challenge Другой ты!» спорттық бастамасын қолдау мақсатында іс-шараның қатысушылары мен қонақтары үшін флешмоб және «Алаш», «Арт – Тумар» топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Жарыс жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press_ncozmz@mail.ru, ұялы тел. 87017020346.