Үкімет отырысында Алексей Цой елімізде вакцина салдырған соң ауырғандардың үлесі небәрі — 0,1 пайыз екенін айтты. Ал екпе алмағандардың 99,9 пайызы вирус жұқтырған.
Өлім жағдайлары бойынша, вакцина алмағандардың үлесі — 97,7 пайыз. Ал вакцина алғандарда — 2,3 пайыз. Бірақ, Цойдың сөзінше, бұл адамдарда ауыр созылмалы аурулары болған.
«Бұл дерек вакцинаның тиімділігін көрсетіп отыр», — деді министр.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 879 016 адам, 2-компонентін 4 505 662 адам салдырды.