Национальный центр общественного здравоохранения

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерінің мөлшерін белгілеу туралы

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – қор) күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтері тиісті қаржы жылында қорға келіп түскен жарналар мен аударымдар  көлемінің  3 %-ы мөлшерінде белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                                   Б. Сағынтаев