Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Ғылыми қауымдастық Қазақстанның ғылыми саясатын жетілдіруге қатысуға шақырылады

Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған Ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды.

Сарапшылық кеңестің жұмысына ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми орталықтардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінде практикалық тәжірибесі бар мамандар шақырылады.

Ғылыми қоғамдастықты ғылымның әлеуетін арттыруға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін жоғарылатуға және олардың нәтижелерін практикаға енгізуге ықпал ететін мәселелерді талқылауға тарту ерекше маңызға ие.

Ұсыныстар енгізудің негізгі бағыттары:

— ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

— ғылыми конкурстарды ұйымдастыру және ғылыми сараптама жүргізу жүйесін дамыту;

— ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;

— ғылыми кадрларды даярлау және қолдау тетіктерін жетілдіру;

— ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практикаға енгізу және коммерцияландыру үшін жағдай жасау.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары үшін аталған бастама қоғамдық денсаулық сақтау, аурулардың профилактикасы, эпидемиология және Орталық қызметінің басқа да бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді дамытудың өзекті мәселелерін көтеруге мүмкіндік береді.

Бастамалар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде нақты проблемалық мәселелерді айқындауға, олардың өзектілігін негіздеуге және қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді қоса алғанда, ықтимал шешу жолдарын ұсынуға назар аудару ұсынылады.

Ұсыныстарды жолдау тәртібі

Ұсыныстар мен бастамалар Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы **«Қызметі» → «Сарапшылық кеңестер»** бөлімі арқылы жолданады. Ол үшін Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ғылыми қызметкерлер мен бейінді мамандарды отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысуға және ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық тәжірибеге негізделген ұсыныстарын енгізуге шақырады.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты: https://quryltai.kz/ru/home