
Конференция жұмысына Орталық Азия елдерінің, жетекші медициналық орталықтар мен ұлттық орталықтардың өкілдері қатысады. Конференция АМР-дің алдын алу және таралуын тежеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ «Біртұтас денсаулық» (One Health) тәсілі шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне арналады.
Конференцияға қатысудың келесі форматтары қарастырылған:
- Онлайн қатысу алдын ала тіркелу арқылы жүзеге асырылады: https://nusom.nu.edu.kz/ru/amr#rec2428663853. Тіркелу ақылы негізде жүргізіледі. Сертификат алу үшін міндетті түрде тіркелу қажет.
- Оффлайн қатысу алдын ала қалыптастырылған қатысушылар тізімі бойынша немесе Конференция ұйымдастырушыларымен келісу арқылы (сертикат беру қарастырылған).
- Сондай-ақ, сертификат берілмейтін онлайн тыңдау мүмкіндігі қарастырылған.
Сіздерді Конференция жұмысына қатысуға шақырамыз және Конференция АМР-ге қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби диалог, ғылыми білім мен практикалық тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болады деп сенеміз.
Қосымша ақпарат алу үшін Конференция ұйымдастырушыларына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
- Жарылқасынова Ақниет Ерғазықызы – 8 (775) 480-48-00
- Ескаирова Жанат Изимбергенкызы – 8 (708) 595-38-89
Құрметпен,
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы