
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының Сынақ орталығы ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартына сәйкестігі бойынша қайта аккредиттеуден сәтті өтіп, аккредиттеу аттестатының мерзімі 2031 жылға дейін ұзартылды.
Аудит барысында аккредиттеу саласы, қызметкерлердің құзыреттілігі, зертхана үй-жайлары мен жабдықтарының жағдайы, қолданылатын әдістемелер, сынамаларды іріктеу және өңдеу, құжаттаманы жүргізу мен өлшемдердің қадағалануы, сапаны бақылау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару және сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі бағаланды.
Аудит қорытындысы бойынша Ұлттық аккредиттеу орталығының комиссиясы Сынақ орталығының белгіленген талаптарға сәйкестігін растады. Бұл орталықтың техникалық құзыреттілігін, сынақ нәтижелерінің сенімділігін және халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін көрсетіп, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг саласындағы зерттеулердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

