Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

ҚДСҰО-да денсаулық сақтау саласына қатысты жаңа Конституция нормалары талқыланды


Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұжымымен жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын және олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында медициналық көмектің сапасы мен жауапкершілікті арттыру, пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық ақпараттың құпиялылығын сақтау, сондай-ақ профилактикалық бағытты дамытуға қатысты Конституциядағы өзгерістер мен жаңа нормалар қарастырылды.

Қатысушылар конституциялық нормаларды күнделікті кәсіби қызметте қолдану мәселелеріне ерекше назар аударып, олардың қоғамдық денсаулық жүйесін одан әрі дамытудағы рөлін талқылады.

Сонымен қатар, адам өмірі мен денсаулығы, азаматтардың құқықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалған адамға бағдарланған ұстанымның маңызы атап өтілді.

Мұндай кездесулер Конституция қағидаларын бірізді түсінуге және оларды тәжірибеде тиімді іске асыруға ықпал етеді.