Алматы қаласында 16-17 мамырда ішектің қабыну аурулары мен Крон ауруына арналған VIII Ұлттық Форумы-Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтуде. Бұл алаңда әртүрлі бейіндегі клиникалық дәрігерлер – гастроэнтерологтар, хирургтар, терапевттер, ревматологтар, рентгенологтар, асқазан-ішек жолдарының қабыну аурулары бар науқастарды ерте анықтау және диагностикалау мәселелерін, емдеу әдістерін, хирургиялық көмек көрсетуді, ауруды зертханалық диагностикалау әдістерін талқылау үшін клиникалық-диагностикалық зертханалардың мамандары кездесті.
«Х. Жұматова атындагы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалы осы іс-шараға қатысып,»ҚР микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу табысының негізі ретінде пәнаралық тәсіл» атты баяндама жасады.