Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Маусым айының басында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында (ҚДСҰО) «Астана медицина университеті» КеАҚ (АМУ) өкілдерімен Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (ДСДМБ) іске асыру мәселелерін талқылау жөніндегі жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Тараптар келесі бағыттарда ынтымақтастық жасауға ниет білдірді:
Бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру;
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандарды, жоғарғы оқу орнынан кейін оқыған денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Оперативті орталықтың базасында «АМУ» КеАҚ студенттерін өндірістік практикадан өткізу үшін ҚДСҰО базасын пайдалану;
ҚДСҰО қызметкерлерін дәріскер ретінде жұмысқа тарту.
Бұдан бөлек, халықтың салауатты өмір салтын ұстануын жетілдіру және денсаулық пайдасына таңдау жасау, сондай-ақ «Салауатты қалалар» және Жастар денсаулық орталықтары жобаларын, семіздіктің алдын алу жобасын, қоғамдық денсаулық сақтау саласының басқа да маңызды іс-шараларын іске асыру тұрғысында стандарттар мен СОП-тарды (стандартты оперативті процедуралар) бірлесе әзірлеу мақсатында АМУ және ҚДСҰО арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум мерзімін созу жөніндегі жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар, меморандум санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты және коронавирус инфекциясын зерттеу саласында бірлесе атқаратын жұмыстарға бағытталды.