Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар 

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекцияларға жататындар:

ЖЖЖИ несімен қауіпті

ЖЖЖИ қоздырғыштарының көбісі бала көтеру органдарын зақымдайды, соның салдарынан бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктілік, түсік сияқты аурулар туындауы мүмкін. Мысалы, егер мерезді емдемесе ішкі органдардың қатты бұзылуын, орталық жүйке жүйесінің бұзылуын туындатады, және де ұрпақтарына беріледі. Кейбір ЖЖЖИ қатерлі ісіктердің (обырдың) себепкері болуы да мүмкін.

ЖЖЖИ жұқтырған адамдарда АИТВ-ны (адамның иммундық тапшылығының вирусын) жыныс жолдары арқылы жұқтыру қаупі он есеге көбееді.

Естеріңізде болсын, адам ұзақ уақыт бойы өзіне инфекция жұқтырылғандығынан бейхабар болуы мүмкін. Өйткені қоздырғыш, адам ағзасына түскеннен соң сол жерде көбее бастайды. Бірақ, ауруды білдіртетін бастапқы белгілер пайда болғанға дейін біршама уақыт өтеді. Ол әр ауру түріне қарай әртүрлі болады. Бұл – аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып табылады.

Оның үстіне, ауру жұқтырылғаннан кейінгі біршама мерзім ішінде тіпті арнайы зертханалық анализдер де адамның ауру жұқтырғанын анықтай алмауы мүмкін. Аурудың мұндай кезеңі «терезе кезеңі» деп аталады (әдетте бұл ЖИТС туралы сөз қозғалған жағдайда). Алайда ауру жұқтырылған адам инфекцияны өзіне ауру жұқтырылған сәттен бастап сау адамға жұқтыра алады.

ЖЖЖИ жиі кездесетін белгілері

((ерлер үшін де, әйелдер үшін де))

Егер сен жыныстық қатынас жасауды бастасаң, онда өзіңе және өз денсаулығыңа абай бол, және де келесі белгілердің ең болмаса біреуі пайда болса дәрігерге тексерілуге бар:

 ЖЖЖИ жұқтырудан қалай сақтануға болады

Егер сенде ЖЖЖИ жұқтырдым-ау деген күдік туындаса не істеу керек

Еске сақтағаның дұрыс!

Емделмеген (созылмалы) инфекциялардың салдары ауыр болуы мүмкін: ерлерде бедеулік пен импотенцияға, әйелдерде бедеулікке, мерзіміне жетпей түсік тастауға және нәрестелердің патологиясына алып келеді.

СОЗ (ТРИПЕР)

Бұл ауруды гонококк бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – бұл мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Жыныстық қатынас жасау түріне орай (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) соз ауруы зәр шығару жолдарын, тікішекті немесе тамақты зақымдауы мүмкін. Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасалғаннан кейін тек 5-7 күннің ішінде ғана пайда болады.

Соз ауруының белгілері:

Тамақ созы онша білінбей жүре береді. Тік ішек созы көтен аумағы қышып, тікішектен іріңді бөлінділер шығады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген (созылмалы) соз ауруы салдарынан бедеулік туынгдауы мүмкін.

ХЛАМИДИОЗ

Бұл ауруды хламидия бактериясы туындатады. Негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Хламидиоздың белгілері:

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде — бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.

МЕРЕЗ

Бұл ауру бозғылт трепонема бактериясынан туындайды. Хламидиоз жұқтырудың негізгі жолы – мүшеқапты пайдаланбай жыныстық қатынас жасау. Бастапқы белгілері жыныстық қатынас жасағаннан кейінгі 10-80 күн ішінде ғана пайда болады.

Топтастыру (белгілері бойынша):

Диагностика: «мерез» диагнозы негізінен қан анализіне сәйкес қойылады. Тек зертханалық тексеру нәтижелеріне қарай сауыққаны туралы тұжырымды жасауға болады.

Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия. Емдеуді барынша ерте бастаған дұрыс (ауыр салдарларға жол бермеудің табысты болуы осыған байланысты).

Мерездің алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

ТРИХОМОНИАЗ

Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады. Трихомониазды негізгі жұқтыру жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Белгілері:

Емделу жолы: паразиттерге қарсы препараттармен. Терапия дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.

Трихомониаздың алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: созылмалы дәрежесіне тез көшеді.

ГЕНИТАЛДЫҚ ҰШЫҚ

Гениталдық ұшық – қарапайым ұшықтың вирусы туындататын көп таралған вирустық инфекция. Гениталдық ұшық жұқтырудың негізгі жолы жолы – мүшеқапты қолданбай жыныстық қатынас жасау.

Белгілері:

Гениталдық ұшықтың негізгі белгілері: жыныс мүшелеріндегі, ауыртатын, қышытатын бөртпелер, кейде – құйрықта және көтеннің айналасында болады, олар кейіннен ашылады (жарылады) да, қабыршақтанып кебеді.

Емделу жолы: вирусқа қарсы терапия.

Алдын алу: жыныстық қатынас жасау барысында мүшеқапты пайдалану.

Қауіптілігі: ұшық иммундық жүйені бұзылысқа түсіреді. Ауру көп қайталанған жағдайда иммун тапшылығы жағдайын туындатады. Қарапайым ұшық вирусы жүктілік пен босану патологиясы дамуының, аяқ-асты түсік тастаудың, ұрықтың жатыр ішінде өлуінің себепкері болуы мүмкін.

АИТВ және ЖИТС

ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындайтын ауру.

АИТВ – дегеніміз адам ағзасында иммун тапшылығы вирусының болуы. Бұл инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам өзін ұзақ уақыт (5-10 жыл) бойы сау сезініп жүреді. Дегенмен де, вирус дененің иммундық жүйесін бірте-бірте зақымдай береді. Иммун жүйесінің бұзылуынан адам ағзасы тіпті сау адамдар үшін түкке тұрмайтын түрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын болады. Мұндай инфекцияларды ««оппортунистік», яғни қолайлы жағдайларды пайдалана алатын деп атайды. АИТВ-инфекциясының соңғы сатысын ЖИТС деп атайды.

АИТВ-инфекциясының даму қарқынын тежеуге қабілетті дәрі-дәрмектер қазіргі кезде бар. Және де кейбір оппортунистік аурулардың алдын алатын немесе емдей алатын препараттар да бар. Сондықтан, адам өзінің сырқаттығы туралы қаншалықты ертерек білсе оның өзінің өмірін өзгертіп, емделуді бастау мүмкіншілігі де көбірек болады

Адамдар АИТВ қалай жұқтырады?

Вирус ағзадағы барлық сұйықтарда болады, бірақ адам тек қан, шәует, қынаптық бөлінділер мен емшек сүті арқылы жұқтырады. Аздаған мөлшерде ол сілекейде, терде, көз жасында, кіші дәретте (зәрде) және басқа да физиологиялық сұйықтықтарда болады.

АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бірнеше жолдары бар:

Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын (соз, мерез, хламидиоз, гарднереллез, трихомониаз және т.б.) кез-келген инфекцияның болуы сақтанусыз жыныстық қатынас жасау барысында АИТВ жұқтыру қаупін он есеге арттырады.

Егер сенің жыныстық қатынас жасайтын серігің есірткіні қантамыр ішіне егу арқылы тұтынған болса немесе тұтынып жүрсе, басқа жыныстық қатынас жасайтын серігі бұрын болған болса немесе болса сенің АИТВ жұқтыру қаупің өте жоғары. Өзіңнің серігіңмен сөйлесіп, осындай қауіпті факторлар туралы талқылау керек, сөйтіп өзіңді қорғау шараларын қабылдау керек.

АИТВ келесі жағдайларда жұқтырылмайды:

АИТВ жұқтырған адамдарды оқшаулауға ешқандай негіз жоқ. Керісінше, мұндай адамдар біздің көмегіміз бен қолдауымызға мұқтаж.  

 АИТВ жұқтырмау үшін не істеу керек?

Келесі қауіпсіздік ережелерін сақтасаң АИТВ жұқтырмауға болады:

Біздің еліміздің заңнамалары ҚР барлық мұқтаж азаматтарының АИТВ-инфекциясынан тегін емделуін қамтамасыз етеді.