2026 жылғы 26 қарашада «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы мен ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК эпидемиологтар қауымдастығының кездесуі аясында « Урологиядағы ұтымды антибактериалды терапия» тақырыбында вебинар өткізді.
Спикер ретінде Байменов Шыңғыс Булатұлы – ҚР ДСМ Түркістан облысының бас штаттан тыс урологы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК урология бөлімінің меңгерушісі сөз сөйледі.
Вебинар барысында урологиялық практикада антибактериалды препараттарды ұтымды қолданудың өзекті мәселелері, несеп шығару жолдарының инфекцияларында эмпирикалық және мақсатты антибактериалды терапияны таңдаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ урологиялық стационарларда медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу мәселелері қарастырылады. Антимикробтық резистенттілік мәселесіне, периоперациялық антибиотикпрофилактика қағидаттарына, сондай-ақ антибиотик стратегиясы қағидаттарының және санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылаудың тиімді алгоритмдеріне ерекше назар аударылады.
Іс-шараға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің эпидемиолог-дәрігерлері, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларына қарасты босандыру және балалар медициналық ұйымдарының госпитальдық эпидемиологтары, сондай-ақ республика өңірлерінен онлайн-форматта қосылған өзге де медицина қызметкерлері қатысты. Вебинарға барлығы 70-ке жуық адам қосылды. Вебинар аяқталғаннан кейін тыңдаушылардың сұрақтары талқыланды.

