Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Ұлттық орталықЭбола қызбасына қатысты қауіптерге дайындық бойынша оқыту өткізді


Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі оперативті орталығы Эбола қызбасына қатысты эпидемиологиялық жағдай, диагностика, алдын алу, биологиялық қауіпсіздік және денсаулық сақтау жүйесінің ықтимал инфекциялық қауіптерге дайындығы мәселелеріне арналған онлайн-вебинар өткізді.

Вебинар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Конго Демократиялық Республикасында және Угандада Бундибуджио вирусынан туындаған Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялауына байланысты ұйымдастырылды.

Оқытуға Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары, Ұлттық сараптама орталығының, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ елдегі медициналық және ғылыми ұйымдардың мамандары қатысты.

Вебинар қатысушыларына ҚДСҰО басшысының орынбасары Салтанат Назарова сөз сөйлеп, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығы жағдайында медицина қызметкерлерінің заманауи инфекциялық қауіптерге жедел әрекет етуге дайын болуы ерекше маңызды екенін атап өтті.

Вебинар барысында Эбола қызбасы бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдай, эпидемиологиялық қауіптерді бағалау, аурудың клиникалық белгілері, диагностика мен емдеудің қолданыстағы тәсілдері, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялармен жұмыс кезіндегі биологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Равиля Егембердиева және Меруерт Болтаханова

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Оперативті орталық директорының м.а. Меруерт Болатханова Бундибуджио вирусының таралуына қатысты қазіргі жағдайға шолу жасап, негізгі сақтық шараларын түсіндірді.

Равиля Егембердиева

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, м.ғ.д Равиля Егембердиева инфекцияның клиникалық көріністері мен диагностика және емдеу алгоритмдеріне кеңінен тоқталды.

Масғұт Айкимбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Нұркелді Төребеков биологиялық үлгілерді алу, сақтау және тасымалдау тәртібі, сондай-ақ Эбола вирусын зертханалық диагностикалау кезіндегі биологиялық қауіпсіздік шаралары туралы баяндады.

Ұлттық орталық мамандары эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерге сапар жоспарлаған кезде алдын алу шараларымен алдын ала танысып, жеке бас гигиенасын сақтап, денсаулық сақтау органдарының ресми ұсынымдарын ұстану маңызды екенін еске салады.