2026 жылғы 5 мамыр — «Әрекет өмірді сақтайды» ұранымен өтетін Дүниежүзілік қол гигиенасы күні қарсаңында, 2026 жылғы 22 сәуірде Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Эпидемиологтардың кәсіби қоғамдастығы іс-шаралар сериясы аясында онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу тақырыбы:
«Қол гигиенасына комплаенттілікті бағалау әдістері: инфекциялық бақылау практикасына WHO тәсілін енгізу».

Баяндама жасаған — Дана Есенова, University Medical Center корпоративтік қорының эпидемиолог дәрігері.
Презентация барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қол гигиенасына комплаенттілікті бағалаудың заманауи тәсілдері медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу бағдарламаларының тиімділігін айқындайтын негізгі индикаторлардың бірі ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, WHO әзірлеген қол гигиенасын сақтау деңгейін бақылау және бағалау бойынша стандартталған құралдар таныстырылып, олардың деректердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге, комплаенттіліктің ағымдағы деңгейін объективті бағалауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті дәлелді негіз қалыптастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Қол гигиенасы тек техникалық дағды емес, медициналық қызметкерлердің басқарылатын мінез-құлқы екендігіне ерекше назар аударылды. Бұл жүйелі тәсілді, тұрақты мониторингті, талдауды және кері байланысты талап етеді. WHO бағалау құралдарын енгізу медициналық ұйымдарға формальды бақылаудан тәуекелге бағдарланған сапа мен пациент қауіпсіздігін басқару жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.


Кездесу барысында қатысушылар медициналық қызметкерлердің қол гигиенасы талаптарын сақтау деңгейін арттырудағы өзекті мәселелерді, соның ішінде ұйымдық мәдениеттің әсерін, персоналды оқыту және ішкі бақылау жүйелерін дамыту мәселелерін талқылады.
Іс-шараның Дүниежүзілік қол гигиенасы күні қарсаңында және инфекциялық бақылаудың ұлттық жүйесін дамыту контекстінде өткізілуі ел деңгейінде бірыңғай тәсілдерді енгізудің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Қол гигиенасын бағалаудың валидтелген құралдарын қолдану инфекциялардың алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттырудың, өңірлер арасындағы көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етудің және ұлттық деңгейде тұрақты мониторинг жүйесін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде қарастырылады.