Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Якорь Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Басқарма төрағасының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны (Кәсіпорынның нақты мекенжайы):

Астана қ., Байқоңыр ауд., А. Иманов к-сі, 11 үй, «Нұрсәулет-1» БО, 3-қабат. Байланыс телефоны: +7 7172 76 81 65 (HR-қызметі), электрондық пошта: secretariat@hls.kz.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

халықтың хабардарлығын арттыру және оны қоршаған ортаның әртүрлі факторларының зиянды әсерінің, зиянды тамақтанудың және мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту жөніндегі іс-шараларға тарту;

инфекциялық және негізгі инфекциялық емес ауруларға, оның ішінде психикалық денсаулығының бұзылуына және жарақаттануға эпидемиологиялық мониторингті қамтамасыз ету;

ел халқының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту;

денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың және өзге де құқықтық нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

өңірлік және ұлттық деңгейлерде аурулардың дамуын ұзақ мерзімді модельдеу мен болжаудың халықаралық жүйелерін енгізу.

Басқарма төрағасының негізгі лауазымдық міндеттері:

Якорь Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
  2. еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
  4. еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;
  7. негізгі мәселелерді талдауды және кандидат ұсынатын оларды шешу жөніндегі шараларды қамтитын (көлемі 5 слайдтан аспайтын) Кәсіпорынды дамытудың таныстырылымы.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: хабарландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (2025 жылғы 22 шілдеден бастап 5 тамызды қоса алғанда).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін Кәсіпорынға электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді Кәсіпорынның Байқау кеңесі жүргізеді.