Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Эхинококкоз – бұл организмге паразит жұмыртқаларның түсуі арқылы берілетін қауіпті паразиттік ауру.

Қазіргі кезде эхинококкоз Орталық Азия елдері мен Қазақстандағы қоғамдық денсаулық саласындағы өзекті мәселе болып отыр. Эхинококкоз республика аумағында, әсіресе оңтүстік және батыс аймақтарда кең таралған. Жыл сайын халық арасында эхинококкоздың 700-ден астам жағдайы, оның ішінде 23-25%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі.

Негізгі жұқтыру жолдары:

Эхинококк жұмыртқаларының адам организміне түсуі ауыр зардаптарға: бауырдың, өкпенің, мидың және басқа да органдардың зақымдалуына әкелуі мүмкін. Паразиттер адам ағзаларында өлшемдері үлкеюі мүмкін кисталар түзеді. Эхинококкозды емдеу оперативті шараларды қажет етеді, ал асқынған жағдайлар өлімге әкелуі мүмкін.

Бұл қауіптерді болдырмау үшін ластанған ет өнімдерін, әсіресе базарлар мен өнім сапасын қатаң бақылайтын жерлерде қалай тану керектігін білу маңызды.

Эхинококк дегенімз не және ол ет өнімдеріне қалай түседі?

Эхинококк – бұл жануарлар организмінде паразитті тіршілік ететін таспа құрт, ол көп жағдайда қой, сиыр, ешкі, шошқа және басқа да шөп қоректі жануарларда кездеседі. Жануарлар эхинококк жұмыртқаларымен ластанған шөпті жеу немесе суды ішу арқылы ауру жұқтырады. Паразит жануардың органдарында, ең алдымен бауыр мен өкпеде кисталы түзінділер тудыра отырып дамиды.

Ластанған ет өнімдерін бөлшектеу кезінде, әсіресе сатып алушы қандай ет алып жатқанын білмеген жағдайда бұл кисталар байқалмауы мүмкін. Алайда, мұндай ет өнімін тағамға пайдалану адам үшін инфекция көзі болуы мүмкін.

Инфекциямен ластанған еттің белгілері:

Эхинококкоз жұқтырмау үшін ет өнімдерінің келесі ерекшеліктеріне назар аударыңыз:

1. Ішкі органдар түрінің қалыпты болмауы

Бауырда, өкпеде немесе басқа органдарда ақ түсті үлкен түйіндердің немесе үлдірлердің болуы – бұл, еш күмәнсіз жұқпа белгісі. Кисталар лайлы сұйықтыққа немесе іріңге толы болуы мүмкін.

2. Құрылымы

Эхинококты кисталар сыртынан қарағанда байқалмауы мүмкін, бірақ оларды кескен кезде қатты капсулаларға ұқсайтын ішкі түзінділерді көруге болады.

3. Иісі және түсі

Ауруы жоқ жануарлар етінің түсі қалыпты (қызыл немесе қызғылт түсті) болады және иісі қатты білінбейді; ауру жануарлардың еті сұр түсті, қанды немесе іріңді бөлінділердің және жағымсыз иісінің болуы мүмкін.

Бұзылған ет енімдерін қалай сатып алмау керек?
1. Ет және ет өнімдерін тек сенімді сатушылардан ғана сатып алыңыз
Базарлардан ет сатып алған кезде міндетті түрде еттің сапасын растайтын ветеринарлық күәлікті талап етіңіз.

2. Сыртқы түріне назар аударыңыз
Егер ет өнімдерінің түрі, түсі күмәнді болса, дақтар неммесе үлдірлер байқалса, мұндай етті сатып алмаған дұрыс.

3. Ет және ет өнімдерін қолдан сатып алмаңыз
Құжатсыз сатылатын, ветеринарлық бақылаудан өтпеген ет және ет өнімдері қауіпті болуы, яғни эхинококтан бөлек, басқа да инфекциялық патогендердің болуы мүмкін.

4. Сақтау жағдайларына назар аударыңыз
Ет және ет өнімдері төмен температурада, таза және гигиена бар жерде сақталуы тиіс. Лас сөрелер, шыбындар және санитарлық нормалардың сақталмауы – бұл өнімді сатып алмау керектігін білдіретін белгілер.

Бұзылған ет өнімдерін сатып алған жағдайда не істеген жөн?

Егер сіз эхинококк жұқпасының белгілері (үлдірлер, тығыздалған жерлер немесе жағымсыз иісі) бар ет өнімдерін сатып алғаныңызды байқамасаңыз, төмендегілерді істегеніңіз қажет:

Бұзылған ет өнімдерін пайдалану салдары

Адам организміне түскен жұмыртқалардан дамитын эхинококк дернәсілдері ұзақ уақыт бойы симптомсыз өсе алады. Киста үлкейген кезде ол көрші оғазаларды баса бастайды, ауырсынуды, жүрек айнуын тудырады, тыныс алуды қиындатады және басқа да жағымсыз симптомдарды тудырады.

Көп жағдайларда эхинококкозды емдеу кисталарды хирургиялық алып тастауды қажет етеді, жиі қайталанады, ал ауыр жағдайларда ұзақ мерзімді терапия қажет болуы мүмкін.

Өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

Эхинококкоз жұқтырмау үшін төмендегі қарапайым ұсынымдарды орындаңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева: «Эхинококкоз – бұл халық денсаулығына, әсіресе мал шаруашылығы және ет саудасы белсенді дамыған өңірлерлердегі халыққа төнетін үлкен қауіп. Біздің міндетіміз – халыққа бұзылған етті пайдаланумен байланысты қауіптер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Біз күшімізді біріктіру арқылы ғана бұл қауіпті паразиттік инфекцияның таралуын азайта аламыз» – деп айтты.

Хабардар болу — денсаулығыңызды қорғаудың алғашқы қадамы. Тағам өнімдерін, әсіресе ет өнімдерін таңдаған кезде сақ болыңыз. Олардағы инфекция белгілерінің болуын тексеріңіз, гигиена ережелерін сақтаңыз және өз қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда екенін естен шығармаңыз!