Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Сунь Ятсен университетінің (ҚХР) өкілдерімен кездесу

2024 жылы 18 желтоқсанда Сунь Ятсен университетінің (ҚХР) өкілдерімен кездесу өтті, онда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды.
Сунь Ятсен университеті — Қытайдағы жетекші университет болып саналатын зерттеу университеті.
Кездесу барысында бірлескен жұмыстың негізгі аспектілері қаралды, оның ішінде жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, қоршаған ортаның халық денсаулығына әсер етуі, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында білікті кадрларды даярлау мәселелері айтылды.