Қоғамдық денсаулық сақтау
ұлттық орталығы

Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында құрмет грамоталарымен марапаттау рәсімі өткізілді.
Өз әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, Орталық директоры Уәлихан Ахметов былай деді: «Конституция – біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі, әр азаматтың құқықтары мен бостандығының кепілі! Сіздерге және жақындарыңызға шын жүректен аман-саулық, бақыт және мол табыстар тілеймін!». Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уәлихан Ахметов Насима Ахашқызы Жүнісоваға және Думан Абылайұлы Әкімхановқа құрмет грамоталарын ұсынды, сондай-ақ кәсіподақ жұмысына белсене ат салысқаны үшін Гүлмира Асқарқызы Өтепова мен Гүлнұр Сайлаубекқызы Терлікбаева «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» АҚБ Астана филиалы төрағасының м.а. — Болат Аяпбергенұлы Китаровтан грамоталар алды.