ӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктері мыналар болады:
— ӘМСҚ қызметінің коммерциялық емес сипаты;
— аударымдар мен жарналардың нысаналы сипаты және олардың қайтарымсыздығы;
— ӘМСҚ-ның активтер түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету;
— ӘМСҚ қаржылық қызметін бағалау;
— аудит және есептілік;
— ӘМСҚ өзіндік қаражаты, сондай-ақ оның активтері бойынша жеке есеп (жарналар, өсімпұлдар, инвестициялық кіріс);
— ӘМСҚ активтерін медициналық қызмет берушілердің қызметтеріне ақы төлеу үшін айрықша қолдану және оларды белгілі қаржылық құралдарға орналастыру;
— Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және Ұлттық банк басқаратын, активтерді тек қаржылық құралдарға орналастыруды көздейтін ашық инвестициялық саясат;
— қандай да бір үшінші тұлғалардың тарапынан ӘМСҚ активтерінде өндірулерді талап етуге тыйым салу;
— міндеттемелерді болжамды шығындардың өзекті талдауының нәтижелеріне негіздеп, ӘМСҚ кірістеріне қатаң сәйкестікте қалыптастыру;
күтілмеген шығындарды жабу үшін резервтер құру.