Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 156-ө және 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 31-ө өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 156-ө және «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 31-ө өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы
1. «Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 156-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
ДСӘДМ
2017 жылғы ақпан
А.В. Цой
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
ДСӘДМ
2017 жылғы мамыр
А.В. Цой
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2017 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
ДСӘДМ
2017 жылғы ақпан
Е.А. Біртанов
»;
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
ДСӘДМ
2017 жылғы маусым
Е.А. Біртанов
»;
реттік нөмірі 10, 11, 12, 13, 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
10.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерінің мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
ДСӘДМ
2017 жылғы ақпан
Е.А. Біртанов
11.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
ДСӘДМ
2017 жылғы ақпан
Е.А. Біртанов
12.
Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы
ДСӘДМ
2017 жылғы тамыз
Е.А. Біртанов
13.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін, сондай-ақ оларды қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы
ДСӘДМ
2017 жылғы қыркүйек
Е.А. Біртанов
14.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен ондағы сақтандыру мерзімін есептеу қағидаларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы
ДСӘДМ
2017 жылғы тамыз
Е.А. Біртанов
»;
реттік нөмірі 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
16.
Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы
ДСӘДМ
ҚМ
2017 жылғы мамыр
Е.А. Біртанов
17.
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларын және мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығы
ДСӘДМ
2017 жылғы мамыр
Е.А. Біртанов
»;
2. «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 31-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
30.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерге тарифтер қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
ДСӘДМ бұйрығы
ДСӘДМ
2017 жылғы тамыз
Е.А. Біртанов
Премьер-Министр Б. Сағынтаев