2009 жылдан бастап Қазақстанда темекіні тастағысы келетіндерге емдік-профилактикалық көмек көрсету мақсатында Темекіге қарсы орталықтар және/немесе кабинеттер (бұдан әрі – ТҚК) құрылды. Әрбір ниеттенген адам білікті көмекке ТҚК орталығына жасырын жүгінуге болады. Профилактикалық жұмыс мерзімі дербес, себебі ол темекі тартқан уақытына, тәуелділік деңгейіне және пациенттің өзінің темекіні тастағысы келетіндігіне байланысты. Сонымен қатар, ТҚК орталығы медицина мамандарына никотинге тәуелсіз пациенттер арасында шылымқорлықтың алдын алу тәсілі мен никотинге тәуелді адамдар арасында қарапайым араласулар әдістерін оқытуды ұйымдастырады; шылымқорлықтың адам денсаулығына зияны туралы халықтың ақпарат алуларын арттырумен айналысады; қызмет көрсетілетін аумақта шылымқорлықтан бас тарту бойынша профилактикалық жұмысты үйлестіреді.
Қазір Қазақстанда 69 Темекіге қарсы орталық/кабинет бар.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда 46 ТҚК, стационарлық көмек ұйымдарында 20 ТҚК, өңірлік СӨС қалыптастыру орталықтарында 3 ТҚК бар.
ТҚК-нің көбі Алматы қаласында (33), Қостанай (10) және Маңғыстау облыстарында (9), ал азы Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында, олардың әрқайсысына 1 ТҚК-да келеді.
ТҚК-ға барғандар саны 2017 жылы 33495 адамды құраған, оған қайта жүгінгендер 5451 адам (16%). Никотинге тәуелді 12528 пациент (НТП) тіркелген. ҚР бойынша НТП-ның жалпы санынан наркологтың қабылдауына 2075 тұлға жіберілді, ол 16,6%-ды құрайды.