Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған” Салауатты ұлт “әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде, жастар денсаулық орталықтарының жасөспірімдер мен жастардың психикалық және репродуктивті денсаулығы мәселелері бойынша қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаға қатысты 2023 жылғы 22-23 маусымда Қызылорда қаласында сағат 14: 30-да Н.Назарбаев даңғылы №65 мекенжайындағы облыстық медициналық орталықта “Қазақстанда ЖДО-ның желілерін дамыту” тақырыбында ұлттық сарапшылар мен ЖДО-ның үздік машықтанушыларынтарта отырып, денсаулық сақтау басқармалары мен жастар денсаулық орталықтарының өкілдеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтеді.
Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Аталған семинар-кеңестің мақсаты жастар денсаулық орталықтарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, жұмысты ұйымдастыру процесінде жиналған ЖДО-ның тәжірибесін көрсету, барлық деңгейдегі үйлестірушілер тап болған мәселелер мен сын-тегеуріндердің кең ауқымын талқылау, пікірлер мен ақпараттармен немесе проблемалармен алмасу және ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Конференцияға ДДҰ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ Елдік кеңсесінің ұлттық сарапшылары және “Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы” ШЖҚ РМК Бас директоры К. С. Алтынбеков қатысады.