Аңдатпа: Қазақстанда тұзды тұтынуды азайту мәселелері

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы сіздерді тұз тұтынуды азайту жөніндегі семинарларға қатысуға шақырады.
2024 жылы 1 қарашадан 18 қарашаға дейін Қазақстанның төрт қаласында: Астана, Алматы, Орал және Өскемен қалаларында тамақ өнеркәсібі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдеріне арналған оқыту семинарлары өтеді.
Семинарларды ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Кодекс Алиментариус командасы және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл семинарлар тұзды шамадан артық тұтыну мәселесі, денсаулыққа төнетін қауіптер және ДДҰ мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шаралар туралы ақпараттандыруға бағытталған.
Қазақстан тағамтану академиясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) елдік офисімен бірлесіп жүргізген зерттеулердегі деректер бойынша, Қазақстанда ерлердің 100%-ы және әйелдердің 97%-ы тәулігіне 17 грамм тұз тұтынады, бұл ДДҰ ұсынған нормадан 3,4 есе асады. Өздеріңіз білетіндей, тұзды шамадан артық тұтыну қан қысымының жоғарылауына және жүрек-қан тамыры аурулары мен инсульт қаупінің артуына әкеледі. ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, тамақ өнімдеріндегі тұздың мөлшерін біртіндеп азайту популяциялық деңгейде халық арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алудағы ең тиімді стратегиялардың бірі және қоғамдық денсаулық сақтау үшін тиімді экономикалық стратегия болып табылады.
Осыған байланысты, тұзды шамадан артық тұтынумен байланысты проблемалар мен қауіптер, ДДҰ ұсынған стратегиялар және осыған байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынатын шаралар туралы ақпараттандыру бойынша алғашқы аудитория ретінде тамақ өнеркәсібі қызметкерлері мен Комитеттің аумақтық департаменттерінің өкілдері арасында тамақ өнімдеріндегі тұздың мөлшерін азайту жөнінде ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды.

Zoom link –
https://who.zoom.us/j/93778847273
Конференция идентификаторы: 937 7884 7273
Коды:!WHOsalt24