Жыл сайын әлемде сәуірдің соңғы аптасында Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) өткізіледі. ЕИА – 180-нен астам ел қатысатын әлемдік жоба. Вакциналау – денсаулық сақтаудың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бүкіл әлемде инфекциялармен күресте ең тиімді, үнемді және қол жетімді құрал ретінде танылған.
ЕИА барлық жастағы адамдардың денсаулығын сақтаудың тиімді құралы – вакциналауды насихаттауға бағытталған.
2022 жылғы Еуропалық иммундау апталығының тақырыбы – “Ұзақ өмір бәрі үшін”.
ДДҰ Еуропалық аймағының барлық елдері Еуропалық иммундау апталығын өткізуге қатысады. Оның жүзеге асырылуына өңірлік және ұлттық деңгейдегі серіктес ұйымдар, оның ішінде БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) және Еуропалық ааурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталық (ECDC) қолдау көрсетеді..
Бұл күндері адамдарға иммундық профилактика туралы ақпарат беруге бағытталған дәрістер, кеңестер, конференциялар, жедел желілер және басқа да тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.
Жыл сайынғы иммундау апталығының мақсаты – иммундаудың адамдардың денсаулығы мен саулығы үшін маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру, әрбір адам инфекциялық аурулардың алдын алуға мұқтаж екенін түсіну арқылы халықты екпемен қамтуды арттыру. Халықты иммундауды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығын қорғауда ең тиімді деп таныды.
Вакцина арқылы аурулардың алдын алудың арқасында Қазақстанда полиомиелит жойылды, ел полиомиелиттен азат аумақ мәртебесіне ие болды, 2009 жылдан бастап Қазақстанда дифтерия тіркелмейді.
2022 жылғы 21-22 сәуірде жыл сайынғы Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) шеңберінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ШЖҚ РМК Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалында “Иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері” республикалық конференциясы оффлайн, онлайн режимінде өтеді. Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебімен бірлесіп ұйымдастырылды..
Конференция жұмысына ДДҰ, ЮНИСЕФ өкілдері, Өзбекстаннан, Қазақстаннан жетекші ғалымдар, СЭБК өңірлік департаменттерінің эпидемиологтары, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысады.
Республикалық конференция жұмысы барысында ҚР-дағы вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай мәселелерін, COVID-19 пандемиясы жағдайында халықты профилактикалық екпелермен қамтудағы қазіргі проблемаларды, тұмаудың алдын алу шараларының тиімділігін, инфекциялық және инфекциялық емес аурулармен күрестегі иммунопрофилактиканың жетістіктерін, ҚР-да медициналық білім беруді дамыту болашағын, АПВ-на қарсы вакциналауды енгізу тәжірибесін және Өзбекстан Республикасындағы коронавирусқа қарсы вакциналау тиімділігін талқылау жоспарлануда.