2022 жылғы 14-18 наурыз аралығында жыл сайын тұз туралы ақпарат беру апталығы өтеді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – ел халқының денсаулығын жақсарту үшін адамдардың ас үлесіндегі тұзды тұтынуды азайту.
Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылдар кезеңінде жүргізілген азық-түлік ортасының зерттеулеріне сәйкес халықтың тұзды тұтыну деңгейінің 3 еседен астам артқаны байқалады және тәулігіне 17,8 г құрады (ересек халық үшін ДДҰ-ға ұсынатын норма тәулігіне 5 грамнан асырмау, яғни бір шай қасық) және әлемде ең жоғары тіркелген көрсеткіш болып табылады.
Тұзды шамадан тыс тұтыну гипертониямен, сондай-ақ эндокриндік (қант диабеті), несеп-тас ауыруы және сүйек остеопорозымен байланысты жүректің ишемиялық ауруы, инсульт және басқа жүрек-тамыр аурулары мен қан айналымы жүйесінің даму қаупін арттырады.
Қорытындыға сәйкес, ДДҰ тұзды тұтынуды қысқарту Қазақстан Республикасындағы инфекциялық емес аурулармен күресте ең экономикалық тиімді шара болып табылады. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары қоғамда тұзды тұтынуды азайтуға бағытталған шаралар туралы хабарлайды.
Тұзды тұтыну және тамақтану әдеттері туралы халықтың хабардарлығын бағалау нәтижелері адамдардың оны білуін және тұзды тұтынудың жоғары деңгейі олардың денсаулығына теріс әсер ететінін көрсетеді, бірақ он адамның біреуі ғана тұзды көп тұтынатындығын түсінеді.
Спикерлер: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының м. а. Жанар Қалмақова, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Салауатты өмір салтын нығайту орталығының жетекшісі Салтанат Назарова және ДДҰ-ның ИЕА-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропалық кеңсесі тамақтану мәселелері жөніндегі техникалық маманы Джулиан Виллиамс.
Белгілі тілшілер! Осы тақырып бойынша біздің спикерлермен сұхбатты 2022 жылғы 16 – 18 наурызда мына мекенжай бойынша жаза аласыздар: Нұр-Сұлтан қ., Әуезов көшесі 8, “Азия” БО сағат 14:30- 18:30-ге дейін.
Қатысуыңызды растауыңызды сұраймыз: press.ncoz.mz@gmail.com, тел.: 954151, ұялы тел. 87017050416
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі