Құрметті журналистер!
Жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясы (бұдан әрі – Коалиция) мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) «Темекі тарту туралы шындық» интерактивті көрмесін өткізеді. Экспозиция темекі өнімдерінің, соның ішінде темекі индустриясының зиянсыз және қауіпсіз деп көрсететін жаңа өнімдер (IQOS, GLO, вейптер) зияндылығын түрлі-түсті әрі айқын көрсетеді.
Көрме «Нұр-Сұлтан» қаласының орталық саябағында сағат 11:00-де ашылады және ары қарай Теміртау, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындары көре алады.
Сіздерді 31 мамырда сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Орталық саябағында ашылуға шақырамыз
“Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін” Коалицияның баспасөз қықызмет