2020 жылы 29 мамырда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында «HBSC ғаламдық және ұлттық зерттеу нәтижелерімен таныстыру» тақырыбында дөңгелек үстел online режимінде өтеді.
HBSC (Health Behaviour in School-aged Children) зерттеу нәтижелері балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту үшін келісілген саяси шешімдер мен практикалық шараларды талап ететін проблемалық салаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазіргі жасөспірімдердің өмірі туралы маңызды мәліметтермен таныстыру және талқылау. Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда денсаулыққа, әлеуметтік өзара іс-қимылға және психикалық әл-ауқатқа қатысты 11, 13 және 15 жастағы оқушылардың мінез-құлқы туралы деректер келтіріледі.
Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесі.
Дөңгелек үстелге: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы ЮНФПА халықтың қоныстануы саласындағы қоры, UNAIDS Kazakhstan, USAID Kazakhstan, UNESCO, ТКҚСҚБК аумақтық департаменттері (өңірлік Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер үйлестірушілері), өңірлік денсаулық сақтау басқармалары (балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау бағыты бойынша) және басқ. қатысатын болады.
Өткізілетін күні және уақыты: 2020 жылғы 29 мамыр, сағ. 15-00-16-30 дейін.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді аккредиттеу 29 мамыр, сағ. 14:00 дейін өткізіледі.
Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com эл. поштасына жіберуге болады, тел.: 954151
Зоом қосымшасы арқылы кіруге болады. Конференцияға кіру үшін мына сілтемені басыңыз https://unicef.zoom.us/j/94461474864
ID: 944 6147 4864. Пароль қажет емес.