Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау апталығына қатысады.
Ұйымдастырушы: ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен Еуропалық қоғамдық денсаулық сақтау қауымдастығы (EUPHA), ол 2020 жылы 11 – 15 мамыр аралығында өтеді.
Вебинар мақсаты – білім басқармалары, шағын кешенді мектептер басшылығын және мектептермен өзара іс-қимыл жасайтын медицина персоналын карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде балаларды COVID-19 коронавирусының таралуынан және жұғуынан қорғау шараларымен таныстыру.
Іс-шара COVID-19 өршуіне назар аудара отырып, әртүрлі қоғамдық денсаулық сақтау тақырыптары бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталған.
Бұл іс-шара аясында COVID-19 туралы және/немесе мынандай күн сайынғы 5 тақырып жөнінде өз білімімен бөлісуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріледі:
1) Дүйсенбі, 11 мамыр: ғаламдық мақсат негізінде денсаулықты нығайту
2) Сейсенбі, 12 мамыр: цифрландыру дәуіріне алғашқы медициналық көмек
3) Сәрсенбі, 13 мамыр: психикалық денсаулық сақтауда біргеміз
4) Бейсенбі, 14 мамыр: денсаулық барлығы үшін
5) Жұма 15 мамыр: дені сау қарттық
Іс-шараға 31 ел қатысады, бір аптада 130 іс-шара қамтылады.
EUPHW тіркеген іс-шараларымен ДДСҰ Еуропалық өңірінің елдері: Австрия, Бельгия, Болгария, Кипр, Дания, Франция, Германия, Греция, Мажарстан, Ирландия, Израиль, Италия, Қазақстан, Люксембург, Нидерланды, Солтүстік Македония, Польша, Португалия, Румыния Ресей, Сербия, Швеция, Швейцария, Түркия, Украина, Ұлыбритания.
Тіркелген оқиғаларымен еуропалық емес елдер: Австралия, Бразилия, Колумбия, Кения, АҚШ.
Шараға қатысу аясында ҚДСҰО мамандары пайдаланушылардың COVID-2019 коронавирустық инфекциясы жөнінде сұрақтарына жауап беру мақсатында іске қосылған Телеграм-бот жұмысы (KZ Telegram-bot on COVID-19) туралы айтады.
Сонымен қатар, 2017–2018 жылдары жүргізілген «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлықтары» (HBSC) деген зерттеу нәтижелері туралы есеп жарияланады (Mental Health of Adolescents in Kazakhstan: HBSC Study Results).
Бұдан бөлек, 2020 жылы 14 мамырда БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен ынтымақтастықта ұйымдастырған онлайн-вебинар сериясының тренерлері ретінде ҚДСҰО мамандары сөз сөйлейді (COVID-19 key facts and actions in education).
Вебинарға тіркелуге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда BChief-inter@rk-ncph.kz электрондық поштасы немесе 8 701 915 92 09 тел. нөмірі арқылы Абелдинова Данаға хабарласуды сұраймыз.
Іс-шаралардың кестесімен және тізбесімен танысу үшін мына сілтемені басыңыз: https://eupha.org/euphw