2020 жылы 11 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасында балалар мен жастар арасында жыныстық ағартуды дамыту мәселесін талқылау. Бүгінгі шындығы және келешегі» атты дөңгелек үстел өтеді.
Мақсаты: балалар, жастар және ата-аналар қауымдастығы арасында дұрыс жыныстық ағартуды дамыту үшін бірлескен күш-жігерді біріктіру.
Ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» және «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК.
Қазақстанда жыл сайын жасөспірімдер арасында жүкті болып қалу, көшеге тастаған нәрестелердің жағдайы, балалар мен әйелдерге қарсы бағытталған сексуалды және физикалық зорлық-зомбылық фактілері мыңдап тіркеледі. Мұндай жағдайда жас қыздар мен жігіттер өздерін физикалық және эмоционалдық жағынан қорғай білу керек. Қауіпсіз сексуалды мінез-құлық дағдысы болу үшін, ақпараттандырылған шешімдерді қабылдау үшін және “жоқ” сөзін айтуға мүмкіндік бермейтін, ал біреуге осы сөзді естіртпейтін стереотиптерді еңсеру үшін оларға жыныстық және гендерлік ағарту қажет.
Іс-шараға : Отбасылық тәрбие институтының бас директоры Софья Евдокимова, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровна, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы” директорының ұйымдастыру және эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Мусина Салтанат Берікқызы, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы қорының (ЮНФПА) өкілі Тельтаева Дина Тохтарқызы, БҰҰ ЮНЕСЕФ Балалар қорының ҚР-дағы өкілі Қанат Суханбердиев, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дамир Көбжасаров және т.б. қатысады.
Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Иманов көшесі, 13 “Нұрсәулет-2” БО, 2 -қабат, конференц зал.
Өткізілетін күні мен уақыты: 11 наурыз 2020 жыл, сағ. 15.00.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді аккредиттеу 10 наурызда сағат 9:00 -дан 18.30 -ға дейін өтеді.
Қатысу туралы ақпаратты мына эл. поштаға жіберуге болады: press.ncoz.mz@gmail.com,тел.: 954151