Сіздерді 2019 жылғы 12 қыркүйек, сағат 11.00-де «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: мәселелер мен шешімдер» атты Бірінші қазақстандық конгресс шеңберіндегі вакцинация мәселелері бойыншабаспасөз-брифингіне шақырамыз.
Конгрес ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана медициналық университеті және Инфекционист дәрігерлер қоғамы.
Брифинг спикерлері:
-Қамалжан Надыров, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі;
-Жандарбек Бекшин, Қазақстан Республикасының бас санитариялық дәрігері;
-Руслан Сатывалдеев, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары;
-Николай Брико, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, РҒА академигі, профессор, РФ ДСМ бас эпидемиологы, Қоғамдық денсаулық институтының директоры;
-Динагүл Баешева, инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, АМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі;
-Борис Каральник, Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының қызметкері, медицина ғылымдарының докторы.
Іс-шараға Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (СDC), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, алыс және жақын шетелден келген (Ресей, Молдова, Қырғызстан, Франция, Италия, Израиль) жетекші ғалымдар қатысады.
Конгрес бағдарламасы тұмау, ЖРВИ, нейроинфекциялар мен пневмония, ішектік, зоонозды және тропикалық инфекциялар, паразитарлық аурулар, вирустық гепатиттер, АИТВ/ЖИТС және басқалар сияқты халық арасында қоғамдық денсаулықты сақтауға әсер ететін инфекциялық аурулар құрылымындағы маңызды мәселелерді қамтиды.
Сіздерді 12 қыркүйек, сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Назарбаев университетінің медицина мектебі, Керей, Жәнібек хандар көшесі 5/1 мекенжайы бойынша күтеміз.
Міндетті түрде алдын ала тіркелу қажет.
Тіркелу үшін байланыс:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі: press.ncoz.mz@gmail.com, жұмыс тел.: 954151, ұялы тел. +7 701 702 03 46, +7 778 137 63 57, + 7 778 229 37 39, d.yermagambetova@spncomms.com