2019 жылғы 4 қыркүйек, сағат 10:00-де Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, медициналық ұйымдардың, БАҚ өкілдері үшін ашық есік күнін ұйымдастырады. Бұдан бөлек, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшылығы мен қызметкерлері «өмір тамшысына» мұқтаж жандармен бөлісу үшін қан өткізуді шешті.
Іс-шара барысында қатысушылар донорлық және қан өткізудің қауіпсіздігі туралы барлық сұрақтарға жауаптар ала алады.
Іс-шараны өткізудің мақсаты – емдеу мекемелерін қауіпсіз компоненттер мен қан препараттарының қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін ақысыз ерікті түрде қан донорлығын насихаттау болып табылады.
Акцияны өткізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Керей, Жәнібек хандар көшесі,10.
Өткізу күні мен уақыты: 2019 жылғы 4 қыркүйек, сағат 10:00-де.