2019 жылғы 24 шілдеде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады, оның негізгі бағыты пайдалы тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында тұз мөлшерін кезеңімен азайту бөлінісінде нанның/нан-тоқаш өнімдерінің рецептурасын өзгерту, жастардың денсаулығын нығайту болып табылады.
Тұзды тұтыну мөлшерін азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар Қазақстанда жұқпалы емес аурулардың алдын алудың айрықша тиімді шарасына айналар еді. Тұзды тұтынуды азайту қан қысымын және жұқпалы емес аурулармен байланысты қауіптерді төмендетуге мүмкіндік береді. ДДҰ ұсыныстарына сәйкес, азық-түліктердегі тұз мөлшерін азайтуды көп тұтынылатын өнім ретінде наннан бастаған тиімді.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша эксперименталды-өндірістік цехында құрамында тұз мөлшері аз нанды пісіріп шығаратын болады.
Іс-шараның басталуы: сағат 16.00-де.
Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 62.
БАҚ өкілдері шақырылады. Журналистерді тіркеу 23 шілде сағат 11.00-ден бастап 18.30-ға дейін, 24 шілде сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін жүргізіледі. Қатысу туралы ақпаратты press.ncoz.mz@gmail.com электрондық поштасына жіберу қажет, жұмыс тел.: 954151.